Түркістан облысында жердің құнарлы қабатын сыдырып алу фактісі анықталды

Компанияға тиесілі көлемі 29,0 гектар жер учаскесі мемлекет мемлекет меншігіне қайтарылды
Sputnik
АСТАНА, 28 қыркүйек - Sputnik. Түркістан облысында жердің құнарлы қабатын сыдырып алу фактісі анықталды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Облыстық жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан ЖШС-ға тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесінің пайдалануына қатысты тексеру жүргізілді.
Нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталды. Компанияға департамент жолдаған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы ЖШС мерзімінде орындамаған.
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен компанияға тиесілі көлемі 29,0 гектар жер учаскесі мемлекет мемлекет меншігіне қайтарылды.