Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Қытай сыртқы істер министрі Украинадағы қақтығыс туралы мәлімдеме жасады

Ван Идің айтуынша, Украинадағы қақтығыс бақылаудан шықпауы тиіс
Sputnik
АСТАНА, 28 қыркүйек - Sputnik. Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс шиеленісу жолына түспеуі керек. Бұл туралы ҚХР сыртқы істер министрі Ван И Бразилия президентінің арнайы өкілі Селсу Амориммен Нью-Йорктегі кездесуінде айтты, деп хабарлайды CGTN Global Watch.
"Украиналық дағдарыс шиеленіс шиыршығында одан әрі бақылаудан шығып кете алмайтынын бақылаудан шыға алмайтынын, халықаралық қауымдастық бөліну мен қарама-қайшылыққа түсе алмайтынын көптеген ел түсініп, мойындап жатыр", - деді ол.
Дипломаттың айтуынша, әлемдік қауымдастық жанжалды шешуге жол табу үшін бірігуі керек.
Жақында ҚХР СІМ ресми өкілі Линь Цзянь украин дағдарысын реттеу үшін жайлы жағдай жасауға тырысып жатқан елдердің саны күннен-күнге артып келе жатқанын, өйткені оның өршуі мен кеңею қаупі артыпкеле жатқанын айтқан болатын.