АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Шетелдік әріптестермен Қазақстан қорғаныс министрлігі Заң департаментінің бастығы Дидар Әбішев кездесті, деп хабарлайды еліміздің қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Беларусь тарапынан кездесуге басқарма бастығының орынбасары – Беларусь қорғаныс министрлігі құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бөлім бастығы әділет полковнигі Александр Гладышев және құқықтық қамтамасыз ету басқармасы бөлім бастығының орынбасары әділет подполковнигі Александр Шикалович қатысты.
Брифинг барысында тараптар құқықтық қамтамасыз ету органдарының жүйесі және олардың даму перспективалары туралы презентациялық материалдар көрсетті. Қарулы күштердің қызметін құқықтық қолдаудың проблемалық мәселелері жөнінде кеңесіп, пікір алмасты.
Беларусь елінен келген қонақтар Қазақстан Ұлттық қорғаныс университетіне және Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына барып, Мемлекеттік әскери-тарихи музейдің экспозициясымен танысты.