Түркістанда Тоқаев кортежі жүріп бара жатқан жолда қару-жарақ қоймасы табылды

Sputnik
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысында мемлекет басшысының кортежінің жүру бағытын тексеру кезінде ІІМ, ҰҚК қызметкерлері МКҚ-мен бірлесіп жасырылған қару-жарағын тапты, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау және күдікті адамдарды ұстау бойынша қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.