Қытайға астық экспорты 6 есеге артты

Қазақстан астықты Орталық Азия, Ауғанстан, Иран және Қытай елдеріне дәстүрлі түрде экспорттайды
Sputnik
АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. Соңғы үш жылда Қытайға астық экспорты 6 есеге жуық артты, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақстан астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін Орталық Азия, Ауғанстан, Иран және Қытай елдеріне дәстүрлі түрде экспорттайды.
"Соңғы үш жылда ҚХР-ға астық жүктерінің экспорты 5,7 есе өсті. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының деректері бойынша биыл жыл басынан бері астық тиелген 582 маршруттық пойыз жөнелтілді: 551 экспресс-пойыз астық жүктерін Қытайға, Түрікменстанға, Иранға, Ресейге, Өзбекстанға жеткізді", - дейді ведомство.
Ал ел бойынша астық жүктерін тасымалдау үшін 31 құрам ұйымдастырылған.