АЛМАТЫ, 27 қыркүйек - Sputnik. Арыстанның күшігін сатпақ болған Қарағандыдағы хайуанаттар паркінің қызметкерлері сотталды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Қылмыстық іс Қарағанды аудандық сотында қаралды. Парк қызметкерлері арыстанның күшіктерін сатпақ болған. Олар мәміле жасалған сәтте ұсталды.
"Арыстанның күшіктері қайтарылды, сотталушылар хайуанаттар бағына келтірілген залалды өтеп, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға жабайы жануарлармен 2 жыл жұмыс істеуге тыйым салынды", - дейді ведомстводағылар.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.