Ақтөбе тұрғыны екі айда 119 рет жол ережесін бұзған

Sputnik
АЛМАТЫ, 27 қыркүйек - Sputnik. Ақтөбеде 119 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері 3 миллион теңге қарызы бар шетел мемлекетінде есепте тұрған Lexus автокөлігін анықтады.
"Ақтөбе қаласының 35 жастағы тұрғыны жол қозғалысы ережелерін тамыздың ортасынан бастап 119 рет бұзған. Айыппұлдың жалпы сомасы 3 миллион 378 мың теңге", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта көлік арнайы автотұраққа қойылды.