АЛМАТЫ, 26 қыркүйек - Sputnik. Ұлыбритания Ресейге қарсы санкциялар тізімін бес кемеге дейін ұлғайтты, құжат бейсенбіде Ұлыбритания үкіметінің сайтында жарияланды. Бұл туралы РИА новости жазды.
"Ресейге қарсы санкция режимі бойынша бес жаңа кеме қосылды", - делінген құжатта.
Ұлыбритания сонымен қатар екі жүк тасымалдау компаниясына қарсы шектеулер енгізді. Жаңартылған санкциялар тізіміне сәйкес, жаңа шектеулер Оcean Speedstar Solutions OPC PVT LTD және White fox SHIP management FZCO компанияларына қатысты.
Санкциялар екі компанияның да "Ресей Үкіметі үшін стратегиялық маңызды секторда, атап айтқанда энергетикалық секторда қызмет ету арқылы Ресей үкіметін қолдауға" қатысуымен түсіндіріледі.