Қазақстан ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялау рәсіміне қатысты

Sputnik
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі апталығы аясында Қазақстан делегациясы Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты (ЯҚТШ) ратификациялау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды СІМ.
Қазақстан ЯҚТШ-ға қатысушы мемлекеттердің Үшінші кездесуінің болашақ төрағасы ретінде жаһандық ядролық қарусыздану ісіне деген тұрақты ұстанымын көрсетіп отыр.
Салтанатты рәсім барысында Индонезия, Сьерра-Леоне және Соломон Аралдарының сыртқы істер министрлері өз елдерінің Шарттың мақсаттары мен принциптеріне бейілділігін растай отырып, өздерінің ратификациялық грамоталарын тапсырды.
Осылайша, ЯҚТШ-ға қол қойған елдердің жалпы саны 94-ке, ал оны ратификациялаған елдер саны 73-ке дейін жетті.