Қазақстан Тәжікстанға шекарашыларды даярлайды

Sputnik
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Тәжікстан шекарашылары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясында оқитын болды.
Бұл туралы Қазақстанда талқылауға ұсынылған екі елдің министрлер кабинеттері арасындағы келісім жобасында айтылған.
Келісім түсіндірме хатта атап өтілгендей, ҰҚШҰ, ЕАЭО және ТМД құжаттарының ережелеріне негізделген.
Оқу барысында Қазақстан тарапы тәжікстандық студенттерді баспанамен, тамақпен, киім-кешекпен, оқу құралдарымен және шәкіртақымен қамтамасыз етеді.
Тәжік тарапы кандидаттарды Қазақстан жыл сайын белгілейтін квота бойынша іріктеуге міндетті.
Құжатта үміткерлерге қойылатын кейбір талаптар көрсетілген – олар қызмет өткермегендер үшін 17 мен 21 жас аралығындағы мектеп және колледж түлектері болуы керек.
Әскери міндеттілер үшін қабылдау кезінде жасы 24 жастан, ал келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үшін 25 жастан аспауы керек.
Тәжік тарапы шекарашылар студенттерін оқуға оқу жылының басталуына алты ай қалғанда тапсыруы тиіс.
Құжат 10 қазанға дейін талқылауда қалады.