Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Түркияда ұсталды

Әйел алаяқтық жасаған деген күдікке ілінген
Sputnik
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Түркияда халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық әйел ұсталды. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz.
42 жастағы әйел Анталья қаласында ұсталды.
2009 жылы ол Ақтау қаласындағы банктердің бірінің директорының орынбасары бола отырып, жылжымайтын мүлік сатып алу үшін 200 мың АҚШ доллары мөлшерінде несие алу туралы өтінішпен қаржы ұйымына жүгінген.
Ақшаны алу кезінде әйел қарыз алушының қолтаңбасын қолдан жасап, артынан жасырынған.
Ұсталған адам Қазақстанға жеткізілді. Қазіргі уақытта қамауда.