АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысында өңірдің туристік әлеуетін дамыту бойынша жұмыстар аясында жаңа курортты қала салынады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Туристік қала Кендірлі курортты аймағында салынады. Ол жылына 300 мың адамға дейін қабылдамақ. Бүгінде инженерлік инфрақұрылым құрылысы басталды.
"Кендірлі теңіз жағалауының ерекшелігі – шомылу маусымының ұзақтығы. Географиялық орналасуы да маңызды рөл атқарады. Ол өзінің бірегейлігінің арқасында туристерді тартуға ыңғайлы. Осыған байланысты президент Кендірлі туристік аймағын құру бойынша нақты тапсырма берді. Біз тиісті инфрақұрылымы бар және туристерге қызмет көрсететін арнайы туристік қалашық салуды жоспарлап отырмыз. Бұл Жаңаөзен қаласының негізгі жүктемесінің төмендеуіне жақсы әсер етеді", — деді Кендірлі ауылының әкімі Мекен Үйсенов.