Экс-министр Бишімбаев тағы бір сотта Салтанат Нүкенованың отбасына жеңіліп қалды

Sputnik
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Сотталған экс-министр Бишімбаев тағы бір сотта Салтанат Нүкенованың отбасына жеңіліп қалды.
Ол марқұм Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдіге материалдық және моральдық шығынды өтейді:
қылмыстық іс бойынша шығыстар – 6,9 млн теңге (шамамен $14 мың)
моральдық шығын – 10 миллион теңге (21 мың доллар)
Бұған дейін Салтанат Нүкенованың өліміне кінәлі деп танылған экс-министр 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Іс резонанс тудырып, қоғамда үлкен қызығушылық тудырды. Бишімбаевқа қатысты сот процесі тікелей эфирде көрсетілді.
Бишімбаев қатаң режимдегі колонияға жіберілді