"ЖЭО жақта атыс естіледі": алматылықтарды алаңдамауға үндеді

Sputnik
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласының сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын ертең дүрбелеңге салынбауға үндеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
26 қыркүйекте мегаполисте "Қорғау-2024" арнайы тактикалық оқу-жаттығулар өтеді. Оны Жетісу ауданындағы "ЖЭО-1" аумағында ұйымдастару жоспарланған.
"Жаттығу кезінде жарқыл, түтін және атыс сияқты дыбыстық эффект жасайтын имитациялық жабдық қолданылады. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына алаңдамауды және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз", - делінген ресми хабарламада.