АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Испанияның Леоне қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионатында Астана қаласының спортшысы Едіге Емберді алтыннан алқа тақты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
89 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол қоссайыс қорытындысы бойынша 352 (153+199) келіні көтерді.
Екінші орынды ирандық Алиреза Абаспур (351 келі), үшінші орынды колумбиялық Джоксер Альборнос (350 келі) иеленді.
Айта кетері ол бұған дейін де жастар мен 17 жасқа дейінгі кіші жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған болатын.