АЛМАТЫ, 25 қыркүйек - Sputnik. Теміржол билеттерінің бағасы 20%-ке қымбаттайды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ мәліметіне сүйенсек, тариф көлік министрлігімен келісілген.
"Кондиционері жоқ вагондарға 20%-ке дейін жеңілдік беріледі. Жол жүру құнын арттыру туралы шешім макроэкономикалық жағдайға байланысты қабылданды. Жолаушылар тасымалының өзіндік құнын қалыптастыратын тауарлар мен қызметтер қымбаттады. Сондай-ақ инфляция субсидиялар мен тарифтердің өсу қарқынынан едәуір асып түсті.", - дейді компаниядағылар.
Жаңа тарифтер 1 қазаннан бастап қолданысқа енеді.
"Тальго билетінің құны - 19 493 теңге. Бірақ бұл бағытына байланысты. Стандартты пойыздарда купе құны - 19 653 тг, плацкарт — 12 871 тг. Бұл да жолаушының қай қалаға бағыт алғанына байланысты. Қала маңындағы пойыздарға билет 6 314 теңге тұрады", - дейді "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.