Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Мажарстан БҰҰ Бас Ассамблеясында Украина мәселесін көтереді

Sputnik
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Будапешт Украина бойынша бейбіт бастамаларын БҰҰ-ның Бас ассамблеясының жоғары деңгейдегі апталығында да көтеруді жалғастыра береді. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сұхбат берген Мажарстанның сыртқы істер министрі Петер Сийярто айтты.
"Біз бейбіт бастамаларымызды көтере береміз. Біз бұл ұстанымды осында – Біріккен Ұлттыр Ұйымында білдіреміз, Еуропалық одақта да айтып келеміз. Осы бағыттан таймаймыз. Оны қатысатын барлық кездесуде қорғаймыз", - дейді Сийярто.
Ал "Мажарстанның осы мәселені БҰҰ-ның Бас ассамблеясының жоғары деңгейдегі апталығында көтере ме?" деген сұраққа: "Әрине, осында және болашақ Саммитте де көтереміз",- деп қысқа ғана қайырды.