Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Киев Батыстың әскери көмегіне 80%-ға тәуелді – Украина Қорғаныс министрлігі

Sputnik
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Украина Батыстағы серіктестерінің әскери көмегіне 80 пайызға тәуелді, деп мәлімдеді елдің қорғаныс министрі Рустем Умеров.
"Бүгінгі күні халықаралық әскери көмекті негізгі көмек ретінде алып отырмыз... Біз серіктестерімізге 80+% тәуелдіміз. Біз Еуропалық Одақ, НАТО, SAG-U (Украинаның қауіпсіздікті қамтамасыз ету тобы – ред.), EUCOM ( АҚШ Қарулы күштерінің Еуропалық қолбасшылығы) АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия және басқа да ондаған елмен күн сайын екіжақты форматта жұмыс істеп жатырмыз", - деді Умеров украиналық "Левый берег" басылымына берген сұхбатында.
Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты.
Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.