АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында жерді заңсыз таратқан шенеунік 3,6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бас прокуратураға сілтеме жасап.
Бәйтерек ауданында жалпы ауданы 45,9 гектар жер телімдері бау-бақша және саяжай құрылысына азаматтардың жеке меншігіне заңсыз берілген. Ал жер сатылғанда төлемнің базалық мөлшерлемесі негізсіз төмендетілді.
Осылайша, барлық учаскенің нақты бағасы 107,3 млн теңге болса да, 1,1 млн теңгеге сатылып кеткен. Арнайы прокурорлар аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығына қатысты Қылмыстық кодекстің 361-бабы (қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану) бабы бойынша тергеу жүргізіп, кінәсін дәлелдеп шықты Шенеунік 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ал мемлекетке келген шығын толығымен өтелді.