АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Венгрия мен Қытайды Украина дағдарысында "отқа май құйып жатқан" ЕО мен АҚШ-тың саясаты қынжылтады, деп мәлімдеді Венгрия сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Петер Сийярто.
Ол БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Қытай сыртқы істер министрі Ван Имен кездескенін айтты.
"Кейбір америкалық және еуропалық саясаткерлердің трансатлантикалық аймақтағы шиеленісті үнемі күшейтіп, отқа май құйып жатқанына қытайлықтар да, біз де қынжыламыз", - деп жазды Сийярто желідегі парақшасында.
Министр Венгрия Қытайдың Украинада бейбітшілік орнату жолындағы күш-жігерін жоғары бағалайтынын атап өтті.