Қостанайда түнде бес автобус өртенді

Sputnik
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Қостанайда автопаркте бес автобус отқа оранды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі.
Министрлік таратқан ақпаратқа сүйенсек, түн ортасында "101" пультіне күзету қызметінен Қостанай қаласындағы автобус паркінің аумағында автомобиль боксынан түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Қою түтінге қарамастан, газ-түтіннен қорғау қызметі барлау кезінде бокста бес автобустың жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндірушілер өрттің одан әрі таралуына жол бермей, 27 қалалық автобустар мен бокс конструкцияларын өрттен аман сақтап қалды.
Өрт алдын ала 220 шаршы метр алаңда оқшауланды. Нақтыланған ақпарат бойынша бокста 5 автобус өртенген.