Кассациялық соттар келесі жылдың 1 шілдесінен жұмысын бастайды

Оған дейін Жоғары сот кеңесі судьяларды іріктеп, сот құрамын жасақтайды
Sputnik
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесуде Жоғары сот кеңесінің қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері, атап айтқанда сот корпусын нығайтуға және жаңартуға, Сот төрелігі академиясын дамытуға, сондай-ақ судьялардың тәртіптік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шаралар талқыланды.
Дмитрий Малахов Сот кеңесінің рөлі күшейіп, судьяларға қатысты кадрлық мәселенің барлығы құзыретіне өткендіктен, бизнес-процестер мен конкурстық іріктеулерді цифрландыру мәселесі күн тәртібінде тұрғанын жеткізді.
Президентке кассациялық соттар келесі жылдың 1 шілдесінен жұмысын бастайтыны туралы баяндалды. Оған дейін Кеңес судьяларды іріктеп, сот құрамын жасақтайды.
Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар нақты міндет жүктеді.
Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасын тағайындады