Астанада тұрғын үйлерге де жылу беріліп жатыр

Әлеуметтік нысандар жылуға ертерек қосылған болатын
Sputnik
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Астанада жылу беру маусымы басталды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
"Сыртқы ауа температурасының төмендеуін ескере отырып, әкімдік 2024-2025 жылыту маусымының басталуы туралы қаулы қабылдады", - деп жазылған хабарламада.
24 қыркүйектен бастап тұрғын үйлерге кезең-кезеңімен жылу беру басталды. Барлық нысанды толық қосу екі-үш күн ішінде жоспарланып отыр.
Бұған дейін әлеуметтік нысандар олардың өтінімдері бойынша (мектептер, балабақшалар, емханалар) жылуға қосылған болатын.