Астанада қарақшылық жасаған шетелдік Испанияда ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Аликанте қаласында Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша елорда аумағында қарақшылық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған Ресей азаматы ұсталды.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 2016 жылы ер адам топ құрамында үйге заңсыз кіріп, зорлық-зомбылықпен жалпы сомасы 4 млн теңгеден астам мүлікті иемденген.
Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда. Оны елге жеткізу мәселесі шешілуде.