Жаңбыр соңы қарға ұласады: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Sputnik
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Синоптиктер 24-26 қыркүйек күндері ауа райы қандай болатынын болжады.
Қазгидрометтің мәліметінше алдағы күндері республиканың солтүстігі мен шығысында, 26 қыркүйекте елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында ауа райы жауын-шашынды болады, жаңбыр соңы қарға ұласады деп болжанып отыр. Түнде ауа температурасы 2-7 аязға дейін төмендейді.
Қалған территорияда Солтүстік-Батыс антициклонының әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша жел күшейеді деп болжанып отыр.
Түнгі және таңертеңгі уақытта елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман түседі.
Ауа температурасы күндіз: елдің батысында +18+26°С дейін, солтүстігінде, шығысында +5+10°С дейін, орталығында +7+15°С дейін, оңтүстігінде +12+20°С дейін, таулы аймақтарында +2+10°С дейін төмендейді.