АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Риддер қаласы мен Марқакөл ауданындағы азаматтардың еңбек құқығын қорғады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Риддер қаласының прокурорлары "Водоканал" кәсіпорнының 220 қызметкеріне 50 млн теңгеден астам жалақы берешегін анықтады.
Марқакөл ауданының прокуратурасы "Теректі" МКМ коммуналдық кәсіпорындарының бірінде 16 жұмысшы 2 ай бойы жалақы алмағанын, қарыз сомасы 5,4 млн теңгені құрағанын анықтады.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша аталған өңірлердегі жалақы бойынша берешек толық көлемде өтелді, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.