Қостанай облысында құны 2,5 млн доллардың жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Аймақ прокуратурасы көптеген заң бұзушылықтарды анықтады
Sputnik
АСТАНА, 23 қыркүйек - Sputnik. Қостанай облысында құны 1,2 миллиард теңгеден (2,5 миллион доллар) астам жер телімдері мемлекетке қайтарылды.
Өңір прокуратурасы жерді заңсыз беру және ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдаланбау фактілерін анықтаған.
Мысалы, Қостанайда кәсіпорынға конкурстық рәсімнен өтпей, кадастрлық құны 254 миллион теңгеден (530,2 мың доллар) асатын 15 гектар жер учаскесі негізсіз берілген.
Жітіқара ауданында жалпы ауданы 1 мың гектардан астам, кадастрлық құны 39 миллион теңгеден (81,4 мың доллар) асатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 3 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылмаған.
2024 жылдың басынан бері прокурорлық ден қою шараларымен мемлекетке 53 мың гектар жер учаскесі қайтарылды.