Қарағанды - Мәскеу бағытындағы пойыз қайта іске қосылады

Sputnik
АСТАНА, 23 қыркүйек - Sputnik. Қарағанды мен Мәскеу арасындағы жолаушылар қатынасы 2024 жылдың желтоқсанында қайта басталады.
ҚТЖ 2024 жылдың 17 желтоқсанынан бастап "Қарағанды-Мәскеу" пойызы аптасына екі рет қатынайтынын хабарлады. Қарағандыдан — сейсенбі және сенбі, Мәскеуден - сейсенбі және жұма күндері шығады.
Аялдамалар Қарағанды, Астана, Көкшетау, Петропавл, Челябинск, Уфа, Самара, Пенза, Мәскеу қалаларында болады. Пойыздың құрамында купе, плацкарт вагондары және мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған орындар бар.
Билеттер сайтта және вокзал кассаларында 45 күн бұрын қол жетімді.
"Қазақстан темір жолы" 2,9 трлн теңге қарызын қалай қайтарады