Премьер-министр бұрынғы спорт министрін жаңа қызметке тағайындады

Туризм және спорттың экс-министрі Маржықпаев премьер-министрдің кеңесшісі болды
Sputnik
АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министрдің өкімімен Ермек Маржықпаев премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Ермек Маржықпаев 1969 жылы Астана қаласында дүниеге келген. С. Сейфуллина атындағы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Сондай-ақ "Тұран" және Көкшетау университеттерінде оқыған. Әр түрлі лауазымдарды атқарды.
2019-2023 жылдары Ақмола облысының әкімі болды.
2023-2024 жылдары Қазақстанның туризм және спорт министрі қызметін атқарды.