АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Ресейдің Курск облысында тамыз айының басынан бері хабар-ошарсыз кеткендер туралы 770-тен астам өтініш келіп түсті, деп хабарлады аймақ губернаторы Алексей Смирнов Telegram каналында.
"Тамыз айының басынан бастап Курск облысында хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу бойынша белсенді жұмыс жалғасып жатыр. Осы уақыт ішінде ішкі істер органдарына туыстарымен және жақындарымен байланысын үзген азаматтардан 770-тен астам өтініш келіп түсті. Олардың арасында бірден бірнеше қызметкерді іздейтін ұйымдардың ұжымдық өтініштері де бар", - деп жазды Смирнов.
6 тамызда Украина қарулы күштері Курск облысының аумағына басып кірді. Ресей әскері олардың алға жылжуын тоқтатқанын мәлімдеді.
Курск, сондай-ақ Белгород және Брянск облыстарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін терроризмге қарсы операция режимі енгізілген.