Жел және жаңбыр: 23 қыркүйекте ауа райы қандай болады

Sputnik
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
"Жаңбыр жауады, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында найзағай болады. Еліміздің батысында, оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы юолжанады. ҚР бойынша желдің күшеюі, батыста, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі", - деп хабарлады синоптиктер.
Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, орталығында, Абай облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.