АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA 1000 турниріне қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Турнирдің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, қазақстандық теннисші жарақатына байланысты жарыс жолынан шығып қалды. Биылғы маусымда Рыбакина АҚШ-тағы ашық чемпионатқа, Индиан-Уэлл, Рим мен Дубайдағы WTA 1000 турниріне және Париждегі Олимпиада ойындарына қатыспады.
Елена Рыбакина 25 жаста. Былтыр ол Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінде жартылай финалға дейін жеткен. Сол кезде ресейлік Людмила Самсоновадан ұтылып қалды.
Бейжіңдегі жарыстар 25 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтеді.