Қарағанды облысында блокбекеттер қойылды

Sputnik
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында полицияның 18 жылжымалы блок бекеті қойылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Блокбекеттер соғым кезеңі аяқталғанша жұмыс істейді. Негізгі мақсат - мал ұрлығының алдын алу және оған тосқауыл қою. Тас жолдарға шығарылған 18 жылжымалы блок бекеттерде мал және ет өнімдерін тасымалдаушыларды тоқтатады. Полиция барлық құжатты тексереді.
"Жыл басынан бастап облыс аумағында 25 мал ұрлығы дерегі тіркеліп, оның 18-і ашылды. Мәселен, өткен аптада Бұқар жырау аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен аудан тұрғынының құны 1 миллион тұратын "Голштейн" асыл тұқымды ірі қарасын ұрлаған күдіктілер ұсталды", - дейді полицейлер.
Мал ұрлығы, көбінесе, еркін жайылым кезінде жасалады. Ал мал иесі төрт түлігінің қай уақытта жоғалғанын да білмей қалады. Облыстағы блок бекеттер ерекше үкімге дейін жұмыс атқаратын болады.