АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысында масаң күйде болған ер адам дәрігерлерге шабуыл жасап, полиция қызметкерін жарақаттады, деп хабарлайды блыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, Бейнеу ауданында әйел адам жедел жәрдемге хабарласып, танысы ұрғанын, сол сәтте өзінің қансырап жатқанын хабарлаған. Ол мұнымен қоймай, жедел жәрдем келген бойда арнайы көліктің терезесін сындырып, ақ халаттыларға шабуыл жасаған. Артынша жеткен полицейдің денесіне де зақым келтірген.
"Құқық бұзушының мас күйінде полицияға қарсылық көрсеткені анықталды. Тәртіп сақшысына медициналық көмек көрсетілді. Сараптама тағайындалды. Қажетті кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Ер адам уақытша ұстау изоляторына тоғытылды", — делінген хабарламада.
Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.