АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредер Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін Ресеймен келіссөздерді тездетіп бастауға үндеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Welt газетіне сұхбат берген Шредер Мәскеуді әскери тұрғыда жеңуге мүмкіндік бар дейтіндерге тарихты оқуға кеңес берді.
"Мен соған (Ресейді жеңе аламыз дегенге— ред.) сенетіндерге тарих оқулығын ашуға кеңес беремін. Наполеоннан бастап Гитлерге дейінгілер— бәрі соның салдарынан сәтсіздікке ұшырады", — дейді экс-канцлер.
Оның айтуынша, Ресеймен компромиске келу ең реалистік бейбіт сценарий болады.
"Бұл соғысты келіссөздер арқылы аяқтауға тура келеді. Оны әскери жолмен шеше алмаймыз. Бізге компромиске келу керек", — деп атап Шредер.
Осы орайда Германияның бұрынғы канцлері Батыстың қателігін де ерекше атап өтті. Ол жақта Ресейдің қауіпсіздік мүдделерін ескермей отыр. Украинадағы қақтығыс ушығып кетуі мүмкін. Батыс елдері оған да мән бермей келеді.