Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ, Үндістан, Жапония мен Австралия басшылары Украина бойынша мәлімдеме жасады

Sputnik
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. АҚШ президенті Джо Байден және Үндістан, Жапония мен Австралияның премьер-министрлері Украинада ұзақ мерзімді бейбітшілікті орнатуға үндеді. Бірақ бірлескен мәлімдемеде Ресей жайында ештеңе айтылмаған, деп хабарлайды РИА Новости.
АҚШ-та QUAD елдерінің (Австралия, Үндістан, Америка мен Жапония) кездесуі өтті. Соның нәтижесінде төрт елдің басшысы бірлескен мәлімдеме жасады.
"Біз БҰҰ Жарғысының ұстанымдарына, мақсаттарына және халықаралық құқыққа сай жан-жақты, әділ және ұзақ мерзімді бейбітшіліктің қажет екенін тағы бір мәрте мәлімдейміз. Егемендік пен территориялық тұтастықты да құрметтеу керек", - делінген ортақ құжатта.
Төрт елдің келіссөздері бойынша жасалған бірлескен мәлімдемеде Ресей туралы ештеңе айтылмаған.
АҚШ, Үндістан, Жапония мен Австралия басшылары Украинадағы қақтығыс әлем бойынша азық-түлік пен энергетикалық қауіпсіздікке, әсіресе, дамыған елдерге кері әсер етіп жатқанын да ерекше атап өтті.
Бұған дейін Мәскеу Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуді ұсынған. Ол үшін Киев өз әскерін Ресейдің жаңа аймақтары - ДХР, ЛХР, Херсон мен Запорожье облыстарынан шығаруы қажет. Сондай-ақ Украина НАТО-ға кіруге қатысты жоспарынан бас тартуы шарт. Владимир Путин осы талаптар орындалса, әскери іс-қимылдар бірден тоқтатылатынын айтқан. Ал Зеленский бұны ультиматум деп қабылдады.