АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысында түзеу мекемесінде сотталғандар бүлік шығарды.
Түркістан облысы қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кейбір тұтқындар қамауда ұстау режимімен келіспеген.
Түркістан облысы қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кейбір тұтқындар қамауда ұстау режимімен келіспеген.
20 қыркүйек күні кешке сотталғандар электр трансформаторын өртеп жіберген
Қазір жағдай тұрақты, деп хабарлады ведомство.
Оқиға орнында ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшысы, жергілікті департамент басшылығы, Ұлттық ұлан мен прокурорлар жүр.
Тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның екі сарбазы мен қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкері жеңіл жарақат алған, оларға медициналық көмек көрсетілді.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.