Көкпар дауы кезінде арандататын видео түсірген қырғызстандық кешірім сұрады

Интернетте жарияланған видео қазақстандықтардың ашуын келтірді
Sputnik
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы көкпар дауы тұсында арандатушылық сипаттағы видео жариялаған азаматты анықтады, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.
Видеодан КамАЗ жүргізушісі жүк көлігінің кабинасынан Қазақстан туын жұлып алып, лақтырып жібергенін көруге болады. Бұл қазақтардың да, қырғыздардың да ашуын келтірді.
Видеоның 21 жастағы авторы мемлекеттік комитетке жеткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ол эмоцияға берілгенін мойындап, екі халықтан кешірім сұрап, мұндай әрекетті енді қайталамауға уәде берді.
Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті арандатушылыққа бой алдырмауға және спорттық ойындар төңірегіндегі өсек-аяңды, арандатушылықты тоқтатуға шақырады. Бұл екі ел арасындағы бауырластық және достық қарым-қатынасқа нұқсан келтіруі мүмкін, деп ескертті арнайы қызмет.
Қазақ көкпаршылары Қырғызстанға бармайды – федерация себебін айтты