АЛМАТЫ, 20 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысында жер қойнауын пайдалану туралы заң бұзылған, деп хабарлады облыстық прокуратура.
"BNG Ltd" ЖШС жер қойнауын пайдалану кезеңінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына 2022-2023 жылдарға арналған шығыстар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған", - дейді ведомство.
Прокурорлық қадағалау шараларымен мемлекет кірісіне 175 млн теңге қаржы өндірілді.