АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Киевте сапармен жүрген Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақ Украинаға ресейлік активтерден түскен кірістен Украинаға 35 миллиард еуро өтелетін несие беретінін мәлімдеді.
Бұл G7 елдерімен бұрын келісілген 50 миллиард долларлық несиенің көп бөлігін құрайды.
"Ресейдің үздіксіз шабуылдары Украина ЕО-ның қолдауына мұқтаж екенін білдіреді. Еурокомиссия Украинаға G7 міндеттемелері аясында 35 миллиард еуро көлемінде несие береді. Бұл ЕО-ның Украинаны қалпына келтіруге қосқан тағы бір маңызды үлесі", - деп жазды фон дер Лейен X әлеуметтік желісіндегі аккаунтында.
Бұған дейін Еурокомиссия РИА Новостиге хабарлағандай, егер ЕО және G7 елдері Украинаға жыл соңына дейін осындай несие беруге ниетті болса, ЕК Украинаға бұған дейін G7 елдерімен келісілген 50 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі несие шеңберінде Ресейдің бұғатталған активтерінен түсетін кірісті өтеу арқылы несие беру туралы ұсыныс дайындап жатыр.