АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. 2024 жылдың соңына қарай Қазақстан мен Беларусьте БРИКС әйелдер іскерлік альянсының аймақтық кеңселері ашылады.
Кеңселерді ашу туралы меморандумдарға Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, БРИКС әйелдер іскерлік альянсы және "Беларусь әйелдер одағы" қоғамдық бірлестігі қол қойды.
IV Еуразиялық әйелдер форумы аясында әйелдер кәсіпкерлігін өзара қолдау және бизнестегі әйелдердің құзыреті мен дағдыларын арттыратын технологиялар, білім және тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау туралы келісті.
Қазақстан мен Беларусьтегі аймақтық кеңселер әйелдер кәсіпкерлігін дамыту алаңына айналады және БРИКС елдерінің экономикалық өміріне кәсіпкер әйелдердің белсендірек қатысуына ықпал етеді, деп мәлімдеді БРИКС әйелдер іскерлік альянсының ресейлік бөлігінің төрағасы Анна Нестерова.
"Бірлескен жұмыс өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау құралдарын енгізуге мүмкіндік береді және Қазақстан мен Беларусь экономикасының нақты секторына инновациялар мен инвестицияларды тартуды ынталандырады", - деді Нестерова.
БРИКС әйелдер іскерлік альянсы 2020 жылдың шілдесінде құрылды. Құрылған төрт жыл ішінде ұйым халықаралық кәсіпкер әйелдер қауымдастығын құрып, бірлестік мүшелері арасындағы мәдени және экономикалық байланыстарды тереңдете түсті. 2024 жылы Қырғызстанда альянстың өкілдігі ашылды.