АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысы жағынан көлге 251 мың тұқы шабақтары жіберілді, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
" Балқашта тұқы көптен бері мекендеп келеді, біз оның қорын үнемі толықтырып отырамыз. Шабақтар Қарағанды балық тұқымбағынан оттегі баллондарымен жабдықталған арнайы көлікпен әкелінеді. Оларды тасымалдауға 8–12 сағат уақыт қажет", – дейді Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Ринат Құмашев.
Шығарылған шабақтың орташа салмағы – 12-ден 20 грамға дейін. Уақыт өте келе ересек сазанның салмағы 10 келіге дейін жетеді.
Шабақтарды арнайы белгіленген орындарға жібереді. Мамандардың айтуынша, балық ұзақ жолдан кейін демалып, содан кейін тереңдікке кетуі керек.