Астаналық полицейлер алаяқтарға алданып қалмау үшін не істеу керектігін айтты

Полицейлер азаматтарды күмәнді сілтемелерге өтпеу керектігін ескертті
Sputnik
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Астанада 3200-ден астам интернет алаяқтық тіркелді, 540 қылмыстық құқық бұзушылық ашылды, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
Елордалық полицейлердің мәліметінше соңғы уақытта WhatsApp мессенджеріне заңсыз кіру фактілері жиілеп кеткен. Олар зардап шеккендердің атынан қарызға ақша сұрап, басқа адамның банк шотын көрсетеді.
Қаскүнемдер WhatsApp жеке аккаунтына зиянды сілтеме жіберетіні, оны ашқан астаналықтардың есептік жазбасына қашықтан кіре алатыны анықталды.
Осыған байланысты полицейлер азаматтарды ұтыс ойынының жүлделері, балаларға дауыс беру, кез келген тақырып бойынша сауалнама түрінде күмәнді сілтемелерге өтпеу керектігін ескертеді, сондай-ақ ешбір жағдайда өздерінің жеке деректерін енгізбеуге шақырады.
90 млн теңгеге алдаған: Ақмола облысында іздеуде жүрген күдікті ұсталды