Астана әкімі жақсы жаңалықты бөлісті

Бірер күн бұрын елордаға жаңа 55 автобус жеткізілді. Оның 26-сы бағдарға шықты
Sputnik
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Биыл елорданың қоғамдық көлік паркі тағы 320 жаңа автобуспен толыға түседі. Оның басым бөлігі жолаушыларды тасымалдауға кірісті. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Мәселен, бірер күн бұрын елордаға жаңа 55 автобус жеткізілді. Оның 26-сы толық жабдықталып, маршрутқа шықты. Қалған бөлігі техникалық дайындықтан өткеннен кейін желіге шығады", - дейді Қасымбек.
Оның айтуынша, автобустар жаңа бағыттағы маршруттарды ашуға, күту уақытын қысқартуға, ең бастысы ескі автобустарды кезең-кезеңімен ауыстыруға мүмкіндік береді.
Айта кетері, былтыр қаланың қоғамдық көлік паркіне 400 жаңа автобус жеткізілген болатын.
Елорда тынысы
Астанада автобуста оқушылар мен жеңілдігі бар азаматтар үшін виртуалды тарифтер енгізіледі