Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасын тағайындады

Sputnik
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президентінің жарлығымен Жоғары сот кеңесінің жаңа төрағасы тағайындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ақорданың ресми сайты таратқан мәліметке сәйкес, осы қызметке Дмитрий Малахов келді.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, Дмитрий Малахов бұған дейін қаржылық мониторинг агенттігін басқарды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болды.