АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин егін жинау науқаны барысымен танысып, ірі аграрлық кәсіпорындардың басшыларымен кездесті, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Сүт бағыты өңірдің жалпы өңдеу көлемінде 35% үлесті алады, сондай-ақ астық өңдеу (19%), май өңдеу (6,5%), ет өңдеу (7%) салалары дамыған.
"Тайынша ауданында Қытай инвесторларының қатысуымен дәнді дақылдар ("Меmolux" ЖШС) мен майлы дақылдарды ("Тайынша Май" ЖШС) өңдеу бойынша ірі кластер салынды. Аймақ ауылында тәулігіне 300 тонна ұн шығаратын диірмен кешені мен жылына 300 мың тоннаны құрайтын жем зауыты іске қосылды", - деп жазылған хабарламада.
Қуатты ұлғайту және макарон өнімдерін өндіру цехының құрылысы жүргізілуде. Көрші Ильичевка ауылында тазартылмаған рапс пен күнбағыс майы мен күнжара өндіретін зауыт салынды.
Бүгінде "Тайынша Май" ЖШС мен "Мемolux" ЖШС –өңірдегі Қытайға экспортқа бағытталған ең ірі аграрлық жоба. Қытайлық инвестор, "Сиань Ай Цзю" корпорациясының президенті, Алашанькоу т/ж стансасында сақтау көлемі 100 мың тонналық бонд қоймасына иелік етеді. Кәсіпорынның Сианда (ҚХР) 1 мыңнан астам дүкені бар және қазақстандық кондитерлік өнімдер, сыра, балмұздақ және басқа да азық-түлік өнімдерін экспорттаумен айналысады.
Кәсіпорынның Солтүстік Қазақстанда логистикалық орталық салу жоспарын ескере отырып, Серік Жұманғарин Қытайға жеткізу үшін қазақстандық өндірушілердің өнімдерін біріктіру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Цзя хуй бұл ұсынысты қолдап, СҚО-да қайта өңдеу және логистика орталығын құру арқылы Қытайға өнім экспорттайтын Қазақстандағы ең ірі компания болуды жоспарлап отырғанын жеткізді.