АЛМАТЫ, 19 қыркүйек – Sputnik. Шымкенттегі пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің мәйіті табылды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Студенттер Үндістаннан келіп Оңтүстік Қазақстан облысының медициналық академиясында оқып жүрген.
21 және 22 жастағы студенттердің қайтыс болғаны туралы хабарлама 112 нөміріне түскен. Алдын ала болжам бойынша олар уланған болуы мүмкін.
"Бұл факт бойынша қазіргі таңда тергеу жүргізілуде. Мәйіттерді визуалды қарау кезінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптама жасалып жатыр", - деді Шымкент қалалық полиция департаменті.