АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Ресейдегі "чайлдфри" идеологиясына тыйым салу қазір әділет министрлігінде және сарапшылар тарапынан талқылануда, деп мәлімдеді Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Бірде мен форумда "чайлдфри" қозғалысына заңмен тыйым салынуы керек деп айтқанмын. Тыйым салу себебі бұл шетелдік жоба, бұл дұшпандық жоба, дені сау әйелдерді ана болудан бас тартуға бағытталған жоба. Сосын осы мәсееле төңірегінде шу басталды. Қазір бұл мәселе әділет министрлігінде қарастырылып жатыр, оны сарапшылар талқылауда", - деді Матвиенко IV Еуразиялық әйелдер форумы аясында өтіп жатқан "Өзгеріп жатқан әлемге көзқарас" паритеттік талқылауы барысында.
Саясаткер мемлекет балалы бола алмайтын немесе балалы болуды қаламайтын әйелдердің құқықтарының бұзылуына ешқашан жол бермейтінін, "бұл олардың құқығы" екенін айтып, мемлекет ешқашан әйелдерді босануға мәжбүрлемейтінін мәлімдеді.
"Бірақ біз мемлекет ретінде Ресейде мұндай жобаны, мұндай идеологияны жүзеге асыруға рұқсат беруге құқығымыз жоқ", - деді Матвиенко.
18-20 қыркүйек аралығында Санкт-Петербургте әйелдердің Еуразиялық форумы өтіп жатыр. Бұл халықаралық ынтымақтастықтың, тұрақты экономикалық дамудың, жаңа технологияларды дамытудың, салауатты өмір салтын және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, сондай-ақ әлеуметтік қайырымдылық жобаларын ілгерілетудің өзекті мәселелері талқыланатын барлық континенттегі көшбасшы әйелдер арасындағы халықаралық диалог алаңы.