Қазақстандық Ботагөз Игенбаева Еуразиялық әйелдер форумының дипломанты атанды

Sputnik
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық Ботагөз Игенбаева Санкт-Петербургте өтіп жатқан Еуразиялық әйелдер форумында дипломант атанды.
Ол алматылық серіктестермен бірге жүргізіп жатқан сүйек кемігін донорлық мәселесі туралы қоғамды ақпараттандыру бойынша жұмысымен ерекшеленді.
"Сүйек кемігін трансплантациялау мәселесі өте нәзік, осы жылы біз Астанада "Алматы" қорымен бірлесе отырып, көптеген реципиенттер дәрігерлердің білместігінен донорсыз қалып жатқанын айттық", - дейді қоғам белсендісі.
Оның айтуынша, қоғамда сүйек кемігінің донорлығы міндетті түрде органдардың есебінен жүзеге асырылады деген аңыздар басым.
"Шын мәнінде, жоқ, бұл қарапайым қан тапсыру сияқты, егер сізде қарсы көрсетілімдер болмаса, донор болу қауіпсіз", - деп атап өтті Ботагөз.
18-20 қыркүйек аралығында Санкт-Петербургте әйелдердің Еуразиялық форумы өтуде. Бұл халықаралық ынтымақтастықтың, тұрақты экономикалық дамудың, жаңа технологияларды дамытудың, салауатты өмір салтын және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, сондай-ақ әлеуметтік қайырымдылық жобаларын ілгерілетудің өзекті мәселелері талқыланатын барлық континенттердің көшбасшы әйелдері арасындағы халықаралық диалог алаңы.