АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысы және одан әрі пайдалану МАГАТЭ-нің бақылауында болады, деді Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар.
"Атом электр станциясы барлық кезеңде, яғни құрылыстан бастап пайдалануға дейін МАГАТЭ-нің бақылауында болады, - деді ол Қазақстан халықтық партиясының жастар қанатымен кездесуінде.
Мәжілісмен атом электр станциясының жұмысы референдумда мақұлданса, ол тұрақты қоғамдық бақылауда болатынын да баса айтты.
"Ең алдымен құрылысты қолға алған кез келген компанияға "міндеттеме" жүктеу керек. Барлық кепілдіктер олармен алдын ала талқыланады. Біз қоғамдық бақылау орнатуымыз керек. Биыл елімізде тиісті заң қабылданды", - деді ол.
Қазақстанда 6 қазанда республикалық референдум өтеді.